Оралда газ баллоны жарылып, 10 адам зардап шекті
Оралда мал сою орындарының бірінде газ баллоны жарылып, он адам зардап шекті. Оқиға базар аумағында қойдың басын үйітуге дайындалған жерде болған. Зардап шеккендердің екеуі - кәмелетке толмаған бала. Қазір олар облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем алып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты күйік шалған бір ер адам жансақтау бөлімінде, ал төрт азамат травматология бөлімшесінде жатыр. Он адамның тағы біреуіне амбулаториялық ем тағайындалып, үйіне жіберілсе, екі адам дәрігер көмегінен бас тартқан. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиғаның жай-жапсары мен себеп-салдарын анықтап жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«OzgeEpic»: Жертөледен креативті хабқа дейін
08.03.2026, 22:39
Каспийдің суы неге тартылып барады?
08.03.2026, 20:09
Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға болмайды: Не өзгереді?
08.03.2026, 19:59
Президент Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілетінін айтты
08.03.2026, 19:57
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстанға қалай әсер етеді?
08.03.2026, 19:53
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09