Оралда таудағы сырғанақта бойжеткен зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда таудағы сырғанақта бойжеткен зардап шекті

30.01.2023

Ақтөбедегі демалыс орнында қар үстінде жүретін көліктің адамдарды қағу оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқыс жағдайдан 1 адам қаза тапқан еді. 5 бала мен бір ер адам зардап шекті. Жарақат алған балалар ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, бір жеткіншектің жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде емін жалғастыруда. Тағы үш баланың жағдайы қалыпты. Бірақ толық сауығып кетуіне біраз уақыт қажет. Оқиға болған демалыс базасы уақытша жұмысын тоқтатқан. Полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр.

Ал, Оралда 17 жастағы қыз таудан сырғанаймын деп зардап шекті.

Оқиға Ысқырықтау аумағындағы жеке демалыс базасында, түнгі сағат 10 дар шамасында болған. Бойжеткен таудан сырғанап келе жатып, темірге соғылған. Салдарынан ауыр жарақат алып, балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу