Чехияда екі пойыз соқтығысып, 40-тан астам адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда екі пойыз соқтығысып, 40-тан астам адам жараланды

04.08.2021

Чехияда мюнхендік жүрдек пойыз бен жергілікті жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 3 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланды. Зардап шеккендердің 11-і ауруханаға жеткізілген. Ал, мерт болғандардың екеуі - машнист, біреуі әйел.

Чех Республикасы көлік министрлігінің мәлімдеуінше, германиялық пойыз тоқтау белгісіне өтіп кетіп, апатқа себеп болып отыр.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апаттың нақты мән-жайына қатысты бүгін тергеу басталған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу