Пәкістанның оңтүстігінде пойыз апатынан 40 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның оңтүстігінде пойыз апатынан 40 адам қаза тапты

07.06.2021

Пәкістанның оңтүстігінде екі жолаушы пойызы соқтығысып, 40 адам қаза тапты. Құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін, себебі құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жүрдек пойыздардың бірі теміржолдан тайып, рельстерге құлаған. Салдарынан үлкен жылдамдықпен қарсы бағытта келе жатқан екінші пойыз оны қағып кеткен. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін әскери тікұшақ жұмылдырылды. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, апатқа теміржолдың ескіруі себеп болуы мүмкін. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу