Германияда пойыз апатынан 35 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда пойыз апатынан 35 адам жараланды

04.04.2018

Германияда екі пойыз соқтығысып, 35 адам жараланды. Жапа шеккендердің екеуі ауыр халде жатыр. Оқиға елдің батысындағы Дуйсберг қаласында болған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Полицияның мәліметінше, бірінші пойыз вагондары екіншісіне мінгесіп қалған. Оқиға орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен полиция жұмыс істеп жатыр. Ал, апат болған метрополитен станциясы уақытша жабылып, пойыздар тоқтады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу