Сингапурда екі пойыз соқтығысып, 25 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурда екі пойыз соқтығысып, 25 адам жараланды

15.11.2017

Бұл апат бүгін таңертең жергілікті уақытпен сағат 8-ден 20 минут кеткенде болды. Техникалық ақауға байланысты тоқтап қалған пойызды екіншісі келіп арттан қаққан.

Бұл мемлекет қоғамдық көлікпен және теміржолмен тасымалмалдау тиімділігі жағынан өзін-өзі мақтан тұта алады. Бірақ, өткен айда Сингапурда су тасқыны кесірінен пойыздар жұмысы тежеліп, тасымалдаушы компаниялардың басшылары халықтан кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Айта кетсек, Сингапурда алдағы ақпан айынан бастап жеңіл машиналар саны шектеле бастайды. Сондықтан, қоғамдық көлікпен қатынайтындар саны көбейеді деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу