Австрияда екі пойыз соқтығысып, 54 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияда екі пойыз соқтығысып, 54 адам жараланды

20.04.2018

 

 

Бүгін  Австрияның Зальцбург қаласында екі пойыз соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан 54 адам жараланған.

 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, маневрға арналған локомотив Цюрихтен Венаға кететін пойызға вагон қоспақ болғанда рельсте тұрған жолаушылар пойызын  қаққан. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

 

Апат темір жолдағы қатынасқа айтарлықтай әсер етпеген. Пойыздар уақтылы жүріп тұр.

 

Соққы кезінде ұйқыда жатқан жолаушылардың көбі жеңіл-желпі жараланды. Вагондарда 240-қа жуық адам отырған. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу