Алматының Алатау ауданында қоймалардан өрт шықты
Алматының Алатау ауданында қоймалардан өрт шықты. Таңғы сағат 10.00 шамасында тұтанған қызыл жалын 1000 шаршы метрдей аумақты шарпыған. Мамандардың сөзінще, алапат өрттің іргелес жатқан қоймаларға таралу қаупі болған. Дегенмен, оқиға орнына дер кезінде жеткен төтеншеліктер апаттың алдын алды. Өрт болған жерде арнайы Штаб және 2 жауынгерлік учаске құрылды. Жапсарлас орналасқан қоймаларға 11 әмбебап оқпан орнатылды. Соның арқасында қоймалардағы тауарларды сақтап, шығынға жол берілмеді. Шатырдың қүрделі құрылымына байланысты біршама кедергілер болғанымен, тілсіз жау бір сағатта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Нұрлан Таубеков, Алатау ауданы ТЖ басқармасының бастығы:
Қойма шатырының 1-қабаты тегіс битум мастикасынан жасалған, 2 -қабаты ағаш жәшікке металл шифермен төселген. Соған қарамастан Өрт сөндірушілер авариялық-құтқару құралдарының қолданып құрылыс құрылымдарын бұзды. Өрт сағат 11:33-те сөндірілді.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24