Алматыда бір тәулікте 1531 адамнан коронавирус инфекциясы табылған
Алматы коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бүгін көш бастады. Бір тәулікте 1531 адамнан инфекция табылған. Қала қазір эпидемиологиялық ахуалға байланысты «қою қызыл» аймақта. Әріптесім Жазира Оразқызы тікелей байланысқа шығуға әзір тұр.
Жазира Оразқызы, тілші:
Дәрігерлердің айтуынша, Алматыдағы жағдай күннен-күнге күрделеніп бара жатыр. Қазір қаладағы инфекциялық стационарлар 65,5 пайызға толды. Қатерлі дерт дендей берсе, орын жетіспеуі мүмкін деген қауіп бар. Шаһардағы емдеу мекемелерінде 5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр. Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, вирус жұқтырғандарға ем-дом көрсету ұшін провизорлық орталықтар іске қосылған. Мәселен, «Халық арена» спорт кешені коронаввирус жұқтырған науқастарды қабылдап жатыр. Сондай-ақ теміржол ауруханасы мен әскери клиникалық госпиталь Ковид-19 анықталған пациенттерді емдей бастаған. Айта кетейін, кешеден бастап Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, екі апта бойы мегаполисте карантиндік шектеулер енгізіледі. Осы уақыт аралығында Ashyq жүйесіне кірмейтін нысандар жұмыс істемейді.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ 17 млрд долларлық ірі келісімдерге қол қойды
08.11.2025, 17:47
Алматыда «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық дәріхана» шарасы ұйымдастырылды
08.11.2025, 17:15
Шетелдік сарапшылар: АҚШ пен Орталық Азия қарым-қатынастың жаңа дәуірін бастады
08.11.2025, 17:15
Степногорск қаласының дәрігерлері отаны қарапайым палаталарда жасауға мәжбүр
08.11.2025, 17:12
Қазақстан - Дональд Трамптың екінші мерзімінде Ибраһим келісіміне қосылған алғашқы мемлекет
08.11.2025, 17:11
Павлодарда құрылыста 58 жастағы азамат қайтыс болды
08.11.2025, 17:10
АҚШ пен Орталық Азия арасында жаңа кезең басталды
08.11.2025, 17:10
Қазақы тазы аңшылық сынақтан өтті
08.11.2025, 17:07