Атырауда медбике 100 мың теңгеге жалған екпе құжатын сатқан
Оралда алаяқ әйел инфекциялық ауруханаға жұмысқа орналастырамын деп ондаған адамды алдап соққан. Жалған қызмет үшін жұрттан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақы алған. Тұрғындар сол үшін қарызданып, тіпті несие алған. Санитар болам деушілерді оқытып, сертификат та берген. Бірақ күнін созбалап, ақыры хабарсыз кеткен. Ақыры 30 жастағы алаяқ әйел ұсталды.
Мөлдір Садырғалиева, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы:Облыстың 30-дан астам тұрғынын жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, онымен уәдесін орындамаған 1991 жылғы туған азаматша ұсталды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ал Атырауда медбике 100 мың теңгеге жалған екпе құжатын сатқан. Қазір қалалық емхананың 28 және 32 жастағы қызметкерлері ұсталды. Оның бірі базаға жалған ақпарат енгізіп, екіншісі екпе дозасын төгіп тастап отырған. Екеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05