Ақмола облысында 100 мыңнан астам дауыс беруші өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 100 мыңнан астам дауыс беруші өз таңдауын жасады

25.07.2021

Ақмола облысында 100 мыңнан астам дауыс беруші өз таңдауын жасады. Ал, бір орынға үш үміткерден таласқан. Өңірде белсенді дауыс беріп жатқан аймақтардың бірі - Целиноград ауданының тұрғындары. Сайлау учаскесіндегі ахуалды тілшіміз Аманкелді Сейтхан көріп келді.

Аманкелді Сейтхан, тілші:
Бүгінгі сайлауда ауыл әкімдерін анықтайтын өңірлер саны бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр. Өңірде 95 ауыл мен аудандық маңызы бар кенттердің әкімі сайланады. Соның бірі целиноград ауданының Нұр-Есіл ауылы.

Облысқа қарасты болса да, Елорданың дәл іргесінде орналасқан ауылда 1000-нан астам тұрғын бар. Сайлауға солардың 999-ы қатысуы тиіс. Азаматтар бұл сайлау түйткілді мәселелерді шеше алатын лайықты адамды таңдаудың мүмкіндігі деп есептейді. Әсіресе, ауылда көптен бері тұратындар белсенді.

Сайлауға үш кандидат түсіп жатыр. Екеуі өзін өзі ұсынған жаңа үміткерлер болса, бірі осы ауылды 10 жылдан астам басқарған бұрынғы әкім. Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып әкімнің жанұясы да келді.

Айгүл Ысқақова, ауыл тұрғыны:
Бұл сайлау өте маңызды деп ойлаймын өз басмы. Ары қарай да ауылдың осы бюолашағы жақсарады деген сенімдемін.
Әлия Қоңқыбаева, №642 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:
999 адам дауыс беруі керек еді. Жақсы келіп жатыр Енді көбі қалада пропискалары бар.

Сайлау учаскесінде санитарлық талаптар да қатаң сақталған. Облыстағы сайлау комиссиясы мүшелерінің 100 пайызы вакцинаның алғашқы дозасын салдырса, 71 пайызы екпені толық алған.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу