Көшпенділер мұрасын сақтап қалған садақшы жігіт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер мұрасын сақтап қалған садақшы жігіт

22.07.2021

Садақ ату-жауынгерлік һәм ежелгі көшпенділер өнері. Түркістан облысының Арыс қаласында тұратын Ерсұлтан Жаһанша сан ғасырдан бері желісі үзілмей келе жатқан осы өнердің бүгінгі мирасқоры. Ол жебені нысанаға дәл тигізетін мерген. Сондай-ақ садақты қолдан иіп, оқ жасайтын өңірге аты мәлім жалғыз шебер.

Бұл кәдімгі қазақы құранды садақтың жасалу тәсілі. Бір ғана адырнаның өзі басы, иіні, белі секілді бес бөліктен тұрады. Оны жасауға бір айдың шамасында уақыт кетеді. Синтетикалық материалдан жасалған адырнаның мейілінше серіппелі болуына күш салады.

Ердәулет Жаһанша, садақ жасау шебері:
Ұзындығы 12 тұтатм. 12 тұтам деген 1-1,20 метр көлемінде болады. Және оның күші ағылшынның лонгбоу деген ұзын садағы бар аңызға айналған, солардан 2-3 есе күштірек болады.

Мұндай садақтан атылған оқтың күші 40 киллограмнан асады екен. Ал оғы 500 метрге жетеді. Қазір Ердәулеттің шеберханасында қазақы құранды садақтан бөлек скифтік сақ моделі, мамлүк-қыпшақтары және түріктік Осман садағының нұсқалары жинақталған.

Алмагүл Есенқұлова, анасы:
Байқауға қатысып, Түркияға арнайы садақ атудан оқуға барып келді. Бүгінгі таңда садықтың бүкіл құрал жабдығы: қорамсағы, оғын жасауға өзі бейміделіп, өзі қолға алып қолөнерді дамытып жатқан жайы бар.

Ердәулет садақ оқтарын тұтастай өзі жасайды. Ағашты жонып, басына жебе қадайды. Қауырсындарын орнатады. Бұл іске асқан дәлдік және шыдамдылық қажет. Күнде кешкісін ауыл шетіне шығып, жасаған дүниесін іс жүзінде өзі сынап көреді.

«Садақ ату адамды епті қимылға үйретіп, дене бітімін шымыр етумен қатар ғана емес, ақыл ойдың толысуына, төзімді болуға баулиды»,- дейді шебер.

Ердәулет Жаһанша, садақ жасау шебері:
Садақ атқан адамның көбіне ойы біркелкі, бір жеоде болады. Нысанаға ата ата адамның психикасы, ақыл ойы да тұрақты, біркелкі болады.

Ердәулет қазір тарих мамандығы бойынша Түркияда білімін жалғастырып жатыр. Келешекте туған жерде садақ ату қауымдастығын құрып, ізбасарлар тәрбиелесем деген асқақ арманы бар.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу