Шымкентте мемлекетке қайтқан су-спорт кешені әлі қаңырап бос тұр
Шымкенттегі орталық су-спорт кешені мемлекет меншігіне қайтқанымен, сол күйі қаңырап бос тұр. 2017 жылы нысан 1,5 миллиард теңгеге сенімгерлік басқаруға беріліп, кәсіпкер кемінде 500 миллион теңге инвестиция салуы керек болған. Алайда бұл міндет мүлде орындалмай, салғырттық салдарынан спорт кешені жарамсыз күйге түскен. Қабырғалары жарылып, едені опырылған ғимаратқа кіру қауіпті. Сот шешімімен келісімшарт бұзылғаннан кейін нысан мемлекет қарауына өткен.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:
Сорғыларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ созылып жатыр. Барынша сол сенімгерлік басқарушының есебінен бұны жөнге келтіруді қалап отырмыз. Егер ол өзіне алған кейінгі міндеттемелерді орындамайтын болса, біз тағы да сотқа жүгінуге мәжбүр боламыз.
Нысанның 179 миллион теңгеге жуық коммуналдық және салықтық қарызы бар. Ал оны күтіп ұстауға және спортшылардың жаттығуына 8 жыл ішінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта спорт кешені әлі жөнделмей, жабық тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16