«Халық заңгері» атты кең ауқымды республикалық акция аясында 120 мыңнан астам қазақстандық тегін заңгерлік кеңес алды. Бұл шараны Бас прокуратура Әділет министрлігімен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе ұйымдастырды.
Азаматтар үшін түрлі ведомстволар мен құрылым өкілдерінің бір жерде қабылдау жүргізуі үлкен қолайлылық тудырды. Акцияға 4 мыңға жуық сарапшы қатысты. Оларға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының заң факультетінде оқитын мыңнан астам студент-волонтёр көмек көрсетті.
Қазақстандықтар көбіне тұрғын үй, мұрагерлік, отбасылық, жер және банк саласындағы дауларды шешу мәселелері бойынша кеңес сұраған. Көп жағдайда азаматтар материалдық және материалдық емес сипаттағы жанжалдарда заңға сай қалай әрекет ету керегін білмеген. Елде «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге ерекше көңіл бөлініп келеді.