Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып жатыр
Ал шығыста биыл күз жаңбырлы болды. Дегенмен қазанның соңына қарай нағыз мизамшуақ келді. Тек Қатонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл тәріздес таулы аудандарда ғана алғашқы қар жауды. Оңтүстік өңірлерде қараша туса да қара суық түскен жоқ. Аймақтың алдағы қысқа жалпы дайындығы мен «Қазгидромет» орталығының болжамын әріптесім Олжас Керейхан білуге тырысты.
Олжас Керейхан, тілші:
«Қазгидромет» орталығы желтоқсан мен қаңтар айлары қатты суық болатынын хабарлады. Қар да қалың жауады. Ал ақпан айында ақ боран соғуы мүмкін. Сондықтан облыстағы автокөлік жолдарының қысқа дайындығы пысықталып жатыр. Бүгінге дейін 957 арнайы техника әзірленді. Олар аймақтың климаттық ерекшеліктеріне қарай әр ауданға бөлінген. Республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазартуға 103, облыстық бағыттарға 119 техника дайындалды. Ал аудан мен қала көшелеріне тағы 735 техника жұмылдырылмақ. Қорда 140 мың литр жанармай, 50 тонна техникалық тұз және 800 тонна көмір дайындалды. 7 жылыту пункті мен «Жедел медициналық көмек орталығының» дәрігерлік бекеті де жұмыс істейді.
Ал бүгін елімізде ауа райы күрт өзгерген аймақтың бірі – Қызылорда. Ол жақтың жағдайын әріптесім Әділбектен білейік.
Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып жатыр
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сыр өңірінде де кешелі бері ауа райы бұзылды. Жаңбыр себелеп, ауа температурасы қазір 0 градусты көрсетіп тұр. Ал Қармақшы мен Шиелі аудандарында қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Әзірге барлық бағыт бойынша жолдар ашық. Дегенмен ұялы байланыс арқылы 5-6 қарашада күрежолдарда көктайғақ болатынын ескертіп, алдын ала SMS-хат келіп жатыр.
Синоптиктер облыста алдағы күндері 5-тен –10 градусқа дейін ызғар тұрады деп болжап отыр. Жалпы, мамандар биыл қыс ерте келеді дейді.
Автор
                            Әділбек Серікұлы
                                            Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
                                Кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын комиссиялар 7 мыңнан астам істі қарады
                                    04.11.2025, 14:16
                                
                                Атырауда 2600-ден аса ағаш егілді
                                    04.11.2025, 13:27
                                Алматыда республикалық пікірсайыс турнирі басталды
                                    04.11.2025, 13:24
                                Каспийде итбалықтар тағы қырылып жатыр
                                    04.11.2025, 13:21
                                Филиппин аралдарында «Калмаеги» тайфуны соқты
                                    04.11.2025, 13:18
                                Римде ортағасырлық мұнара құлады
                                    04.11.2025, 13:15
                                Қазақстаннан Сербияға алғаш рет әуе рейсі тура ұшып барды
                                    04.11.2025, 13:12
                                Алматы халқына күн райына байланысты ескерту жасалды
                                    04.11.2025, 13:09