Елдегі эпидахуал күн сайын күрделеніп барады. Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 науқас көз жұмған. Қазір 11 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары. Ал, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта. Әзірге Түркістан мен Шығыс Қазақстанда ғана жағдай тұрақты.
Індетке шалдыққандар саны да күрт артып, кеше ел бойынша 3899 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 40 адам шалдыққан. Қазір 42 мыңға жуық адам емделіп жатыр, 815 науқастың жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 4 млн 372 мыңнан асты.