«Партиялық емес байқау орталығы» әкімдер сайлауын байқауға қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Партиялық емес байқау орталығы» әкімдер сайлауын байқауға қатысады

09.07.2021

Алда өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына орай байқаушылар дайындықты бастап кетті.  Биыл бұл саяси додаға   «Партиялық емес байқау орталығы» да қатыспақ. Республикалық қоғамдық ұйымның барлық облыстарда филиалдары бар. Айта кетейік, 25 шілдеде ел бойынша 700-ден астам ауылда әкімдер сайлауы өтеді.

Төлеген Күнәділов, «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы: 
Біздің байқаушыларымыз қатаң түрде саяси белсенділікті танытады. Бұл жерде біздер енді бұдан бұрын да осындай сайлау үрдістеріне қатысып, тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары адамдардың осындай үлкен бір топ құрып жатырмыз.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу