БҚО-дағы 14 ауылда 1 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-дағы 14 ауылда 1 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

30.06.2021

Маңғыстауда нөсер жауынның арты селге ұласты.

Кеше кешкісін Маңғыстау ауданының аумағында жауған жаңбырдың арты таудан аққан селге ұласты. Қарғын судың қарқыны қатты болғаны сонша, суағарларға сыймай, жолдың үстіне дейін шығып кеткен. Салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Ал, Шетпе аулында қатты желден бірнеше үйдің шатыры ұшып, электр сымдары үзілді. Нәтижесінде тұрғындар 5-6 сағатқа дейін жарықсыз отырды. Желі қалпына келтіріліп, түнде электр жарығы қайта берілді.

Батыс Қазақстанда да он минуттық нөсер жауыннан ғимараттардың шатыры ұшып, электр сымдары үзілді. Өңірде 6 ауданда мектеп-интернат, балабақша, фельдшерлік пункт, тұрғын үйлердің төбесі тесіліп, қоршаулар мен ағаштар құлады. 14 ауылда 1 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу