Батыс Қазақстанда 2 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда 2 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

27.12.2021

Батыс Қазақстанда ақтүтек боранның салдарынан екі мыңнан аса абонент жарықсыз қалды. Зачаган кенті мен Орал қаласының біршама бөлігіне электр қуаты әлі берілген жоқ. 20-ға тарта ауылда үзілген желілер жөнделіп жатыр. Жерасты суын тартатын гидронысан істен шығып, 16 мыңа тарта тұрғын судан қағылды. Қатты желдің кесірінен бірнеше ғимараттың шатыры ұшты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Коммуналдық мекемелер түннен бері жолдарды қардан тазартып жатыр.

Азамат Жұмабаев, қалалық электр желілері мекемесі басшысының орынбасары:

Қазір 50 өтініш түсті. Сағат сайын көбейіп отыр. Негізінен жеке секторлар жарықсыз отыр. Қалпына келтіріп жатырмыз. Электр сымдарының үзілуі қардың қалың түсіп, еруінен болды.

Ардак Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу