Елордада «Жеңіс жалауы» спектаклінің тұсаукесер рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Жеңіс жалауы» спектаклінің тұсаукесер рәсімі өтті

23.06.2021

Елордалық өнерсүйер қауым Ұлттық Ұлан ән-би ансамблінің орындауындағы театрландырылған қойылымды тамашалады. «Жеңіс жалауы» деп аталатын туынды Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған. Спектакльдің желісі бойынша Отан соғысының батыры, ұлт қахарманы Бауыржан Момышұлы жазушы Кәкімжан Қазыбаевқа, рейхстагқа ту тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаев туралы зерттеу жасауды бұйырады.

Сахнада жас Рақымжанның соғысқа дейінгі өмірі көрермен назарына ұсынылды. Болашақ қаһарманның арманы мен махаббаты қамтылады. Ерекше айта кететін жайт, рөлдерді көбінесе Ұлттық Ұланның әртістері сомдады. Өзектілігін ешқашан жоймайтын, ерлік тақырыбын арқау еткен қойылым алдағы он күн бойы көрермен назарына ұсынылады.

Дәурен Серғазин, қоюшы режиссер:
Рейхстагқа кім ту тікті? Қай кезде тікті? Сол сұрақтар мені де бала кезден мазалайтын. Рақымжан Қошқарбаев ағамызға тағзым ете отырып және осы сұрақтарға жауап айта отырып, біз осы қойылымды көрермен назарына ұсынбақшымыз. 

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу