«Қазмедиа орталығында» «Жамбыл» тарихи драмасының тұсаукесер рәсімі өтуде (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазмедиа орталығында» «Жамбыл» тарихи драмасының тұсаукесер рәсімі өтуде (ФОТО)

22.02.2016

Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер рәсімі «Қазмедиа орталығында» өтуде. 4-сериялы тарихи драма қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндайды.

Сериалда Жамбыл Жабаевтың мұражай-үйіндегі кезінде жеке өзі қолданған заттары мен сол уақытта әмбеге аян болған, Жамбыл бабамыздың өзі мінген әйгілі ЗИМ-1 көлігі пайдаланылған. Сонымен қатар, сериалда Жамбыл Жабаевтың өзі ұйықтаған кереуеті де пайдаланылды.

Жамбыл бабамыздың есімі өзінің көзі тірісінде-ақ аңызға айналған. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырды, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қазақ деген халықты әлемге танытты.

Фильмде басты рөлді театр мен кино актері Байғали Есеналиев ойнайды. Ал, күйші Дина Нұрпейісованың рөлін елімізге белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева, танымал әнші Күләш Байсейітованың рөлін Әйгерім Уалжанова сомдайды.

Хабарламаларға жазылу