Семейде Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған энциклопедиялық онлайн порталының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған энциклопедиялық онлайн порталының тұсаукесері өтті

06.08.2015
Семейде Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған энциклопедиялық онлайн порталының тұсаукесері өтті

Семейде Абайдың 170 жылдығын мерекелеу аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған www.abaialemi.kz энциклопедиялық онлайн порталының тұсаукесер рәсімі өтті.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры жасаған портал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өзінің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.

www.abaialemi.kz онлайн порталында Ұлы Абай дәуірі, оның ізбасарлары туралы мәлімет, абайтану еңбектері, замандастарының естеліктері, Абайға арналған шығармалармен танысуға болады.

Хабарламаларға жазылу