Елімізде карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін
Елімізде карантиндік шектеулер күшейтілмек. Әсіресе Нұр-Сұлтанда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Өйткені бас қалада коронавирустың үнді штаммына тән мутация анықталғаны белгілі.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Науқастардан алынған зертханалалық үлгіге ПТР скрининг жүргізу кезінде үнді штаммына тән мутация анықталды. Коронавирустың «дельта» штаммы жылдам жұғады және штамм анықталған науқастардың 60 пайызында ол небары 7 күнге дейінгі инкубациялық кезеңімен ерекшеленеді. Сондай-ақ таяуда жүргізілген зерттеулерге сай, коронавирустың Үнді штаммын жұқтырғандар арасында емханаға түсушілер мен қаза тапқандар әлдеқайда көп екені анықталды.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша COVID-тің бұл түрі әлдеқайда қауіпті. Оны жұқтырғандарда буындардың, іштің қатты ауыры және есту қабілетін жоғалту секілді қосымша симптомдар болуы мүмкін. Ал премьер-министр дәрінің жеткілікті қорын, өкпені жасанды желдету аппараттарын, жеке қорғаныш заттарын және төсек-орынды қамтамасыз етуге тапсырма берді. Әрі екпе егу жұмыстары мен шекарадағы бақылауды күшейту қажет деп тапсырма берді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00