Алматыда субұрқақтан тоқ соққандар жансақтау бөлімінде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда субұрқақтан тоқ соққандар жансақтау бөлімінде жатыр

21.06.2021

Алматыда субұрқақтан тоқ соққан бір қыз бала мен әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жағдайға қатысты шаһар басшысы да пікір білдіріп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, ол мұндай жағдай қайталанбауы тиіс екенін ескертіп, тергеу басталғанын айтты. Ал жауаптылардың мәліметінше, мамандар субұрқақты сол күні әдеттегідей тексерген және ешқандай ақау байқамаған. Сондай-ақ, фонтан маңында суға жақындауға болмайтыны туралы ескерту тақтайшасы орнатылған.

Естеріңізге салайық, өткен сенбі күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта ойнап жүрген балаларды/ әп сәтте тоқ соғып, оларды құтқармақ болған әйел адам да зардап шеккен. Дегенмен, сол маңда жүрген тұрғындардың бірі өзіне қауіп төніп тұрса да, алғашқы көмек көрсеткен. Зардап шеккендер дереу аурухунаға жеткізілген.


Хабарламаларға жазылу