Алматыда тұрғындар барахолка маңындағы жолды жауып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұрғындар барахолка маңындағы жолды жауып тастады

16.06.2021

Алматыдағы O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындары түнде барахолка базары маңындағы жолды жауып тастады. Соның салдарынан көше бойында ұзын-сонар кептеліс болды. Солтүстік айналма жолына шыққан 50-ге жуық адам үйлерінің ыстық судан ажыратылғанына наразылық білдірді. Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, O-Jet тұрғын үй кешенін басқаратын Alpha management Services мекемесі ҚазТрансГаз Аймақ компаниясына газ қызметі үшін 1 жарым миллион теңгеге жуық қарызданған. Аталған компания жауапты мекемеге хат жолдап, ыстық су мен жылыту қызметінің ақысын 14 маусымға дейін өтеу керек екенін ескерткен. Осылайша, Alpha Management  мекемесі кеше суды тоқтатып тастаған. Айта кетейік, жол жабылғаннан кейін тұрғындарға көп ұзамай ыстық су қайта берілген.


Хабарламаларға жазылу