Ақтөбеде қала орталығындағы көшеде терең жыра пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қала орталығындағы көшеде терең жыра пайда болды

07.04.2021

Ақтөбеліктер жаңадан бой көтерген ауданға қайықпен кірмесе, жаяу не көлікпен кіре алмайтын жағдайға жетті. Ал, қаланың Ақжар 2 ауылындағы екі көше терең жыраға айналып, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіріп тұр. Көшедегі көріксіз көріністерге Жақсыбек Кемал куә болды.

Жақсыбек Кемал, тілші: 
Бұл қандайда бір үңгір не сарқырама емес, қаланың қақ ортасындағы жолдың асты десем,сенесіздер ме? Міне, өздеріңіз көріп тұрсыздар, ағынды су асфальт жамылғысының астын үңгіп, жыраға айналдырған.

Бұл жол екі жыл бұрын ғана пайданалуға берілген. Аз уақыт ішінде осындай жарамсыз күйге түсіп отыр. Тұрғындар үйлеріне көлікпен кіре алмайды. Одан бөлек балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдайды.

Бекболат Сүйінішбаев, қала тұрғыны: 
Үлкен көлік жүрсе, опырылады, бәрі түседі, болды. Кеше ғана салған асфальт.

Елді мекендегі келесі көше де осындай жыраға айналды. Тұрғындар үйлеріне әупірімдеп әрең кіріп жүр. Ал,жауапты мекеме өкілдері қауіпті аймақты уақытша жауып тастады.

 Тұрсынгүл Жаманбаева, қала әкімі аппараты төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы: 
Жолды жауып, ол бізде таудан келіп түскен қар суы. Тоқтату мақсатында қазір инертті материалдармен қоршап, жол жабық тұр. 

Ал, мына көріністегі «Нұр Ақтөбе» ауданы. Судың тереңдігінен көліктердің моторы өшіп қалып жатыр. Дегенмен, бүгін жиналған су азайды. Қала билігі мұндай келеңсіздікті болдырмау үшін бар күшімізді салып жатырмыз деп сендірді. Алайда бұл жылда қайталанатын жағдай, дейді тұрғындар

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу