Тұрғындар жолды жауып тастамақ болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғындар жолды жауып тастамақ болды

28.05.2020

Шығыс Қазақстанда тұрғындар бүгін «Өскемен-Семей» тас жолын жауып тастамақ болды. Олардың барлығы кезінде Өскеменнің іргесіндегі Ахмер кентінің маңынан жер телімін алып, үй салған. Баспаналарының құжатын да рәсімдеп алғанымен, 10 жылдан бері ауыз су, жарық пен жолға зар болып отыр. Елді-мекенді жанай өтетін жол бойына автобустың аялдамасын орнатуды да сұрайды. Осы мәселелерін шешіп беру жөнінде жергілікті билікке талай хат жазған. Бүгін таңертең облыс орталығына тағы бір келген.Бірақ жауапты мекеме өкілдерінен тұщымды жауап ала алмаған.  

Көп күттірмей тас жолдың бойына жиналған халыққа атқарушы билік өкілдері келді. Қала әкімінің орынбасары тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселенің барлығын шешеміз деп уәде берді. Көпшіліктің базынасына көз жеткізу үшін жаңадан бойы көтерген ауылдың біраз жерін жаяу аралап көрді.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу