Алматыда жол-көлік оқиғасынан екі адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жол-көлік оқиғасынан екі адам жараланды

07.12.2021

Алматыда жол-көлік оқиғасынан екі адам жараланды. Оқыс жағдай «Барахолка» базарының маңында болған. Куәгерлердің сөзінше жапондық көлік жолдың оң жағымен келе жатып, ортаңғы жолаққа түспек болған.

Алайда жүргізуші қасында келе жатқан екінші көлікті байқамай, жолды бөліп тұрған бетонға соғылған. Аударылып қалған темір тұлпардың иесі мен қасындағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.

Алматы жол-көлік оқиғасы

Хабарламаларға жазылу