Novavax вакцинасы сынақта 90 пайыздан астам тиімділік байқатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Novavax вакцинасы сынақта 90 пайыздан астам тиімділік байқатты

14.06.2021

АҚШ-та коронавирусқа қарсы жаңа вакцина пайда болды. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, Novavax деген екпе сынақтың үшінші кезеңінде 90 пайыздан астам тиімділік байқатқан. Сондықтан, ол биыл үшінші тоқсанда тұрғындарға егіле бастауы мүмкін. Тәжірибеге Құрама Штаттар мен Мексикада 30 мыңға жуық адам қатысты.

Айта кетсек, бүгінге дейін америкалықтардың жартысынан астамы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды. Сондықтан, АҚШ-та екпеге сұраныс күрт азайған. Ал, дамушы елдерде екпенің бірінші иньекциясын салдырғандар 1 пайызға да жетпейді. Сол себепті, сақтауы мен тасымалдауы қолайлы Novavax вакцинасының көбі келешекте шетелге экспортталуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу