Еуропа одағы «Рfizer» вакцинасын 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат берді. Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі мұндай шешімді осы континент коронавирустың эпицентріне қайта айналған шақта қабылдап отыр.
«Рfizer» екпесі жеткіншектерге қатысты 90 пайыздан астам тиімділік көрсеткен. Ал осыған дейін бұл препарат одақ аумағындағы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге егілді.
Айта кетсек, 5 пен 11 жастағыларды ковидке қарсы иммундауға АҚШ-та, Канадада, Израильде, Қытайда және Сауд Арабиясында да рұқсат етіліп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропа одағы «Рfizer» вакцинасын 5-11 жастағы балаларға егуге рұқсат берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/148748/)