Малайзияда медициналық қолғап шығаратын 28 фабрика жабылады

24.11.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 59 миллионға жетсе, одан қайтыс болғандар 1 миллион 400 мыңға таяп қалды. Ал, Малайзияда бес саусақты медициналық қолғап шығаратын 28 фабрика жабылатын болды. Өйткені оларда 2500-ге жуық адамнан ковид инфекциясы табылған. 

Айта кетсек, «Бас қолғап» компаниясы - әлем бойынша осы өнімді өндіретін ең ірі кәсіпорын. Оның Малайзиядағы 41 фабрикасында непалдық және жергілікті жұмысшылар тар жатақханаларда тұрып, бір-біріне вирус жұқтырды деген болжам бар. 

Түркияда қытайлық «Синовак» вакцинасы дәрігер емес еріктілерге салына бастады. Айта кетсек, осыдан бірер күн бұрын Американың «Файзер», «Модерна» және Ресей мен Ұлыбританияның екпелері өздерінің 90 пайыздан артық тиімділігін көрсеткен еді.

Арыстан Рысбек

коронавирус вакцина Малайзия Түркия

Хабарламаларға жазылу