Отандық вакцина өңірлерге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық вакцина өңірлерге жеткізілді

25.02.2021

Солтүстік Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпенің екінші компоненті салынып жатыр. Осыдан 3 апта бұрын өңірге 1200 доза вакцина жеткізілген болатын. Алдымен дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне егілді. Осы күнге дейін вакциналаудың екінші кезеңінде 900-ден астам адамға екпе салынды. Мамандардың айтуынша, өңір халқының 60 пайыздан астамы қамтылса, індеттің беті қайтуы мүмкін. 

Әсет Жұматаев, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы: 
«Спутник V» вакцинасын осыдан 21 күн бұрын салдырғанмын, екінші рет келіп тұрмын. «Спутник V» вакцинасы жұқпалы аурулармен күресу кезінде вакцинаның маңызы зор. Ол біріншіден тиімді және қауіпсіз болып саналады.

Қарағандыдан шыққан «Спутник V» вакцинасы өңірлерге де жетті. Мәселен, Ақтөбеге мың доза әкелінген. Оның 150-і 2-ші емханаға берілді. Екпе осыдан 3 апта бұрын қабылдаған медицина қызметкерлеріне егіліп жатыр. Олар бірінші тексеруден өтеді. Алғашқы жарты сағатта дәрігер бақылауында болады. Өңірде иммундау жұмысының екінші кезеңі бесінші наурызға дейін аяқталуы тиіс.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу