6G интернет желісі 2030 жылы пайда болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6G интернет желісі 2030 жылы пайда болуы мүмкін

07.06.2021

Әлем шамамен 2030 жылы 6G интернетін пайдалана бастайды. Мұны Қытайда осы желіні ілгерілетумен айналысатын топ жариялады. Оның баяндамасына жүгінсек, интернеттің алтыншы толқыны нақты әлемді виртуалдық сандық дүниемен терең интеграциялайды. Соның нәтижесінде «сандық егізімен интеллектуалдық байланыстағы жаңа әлем құрылады». Және де 6G сценарий бойынша негізгі 8 бағытты қамтымақ. Соның ішінде озық есептеу технологиясы, үлкен деректер, жасанды интеллект, блокчейн салалары бар. Қытай 5G желісін коммерциялық мақсатта қолдануға лицензия беріп, 2019 жылы 6G-ді зерттеп, дамытуға кірісіп, болашақта бұл технология бойынша АҚШ-ты басып озуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу