Туризмге 300 млрд теңге табыс түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризмге 300 млрд теңге табыс түседі

02.02.2021

Түркістан-Ташкент теміржол магистралі туризмге 300 млрд теңге табыс әкеледі. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, жаңа теміржол желісі іске қосылса, туристер саны 1,5 млн-нан асады. Туризмді дамытудан түсетін кіріс 2030 жылы 380 млрд теңгеге дейін жетеді. Бұдан бөлек, Үшқұдық – Қызылорда желісінің құрылысына қатысты хабарлады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, 2030 жылы бұл бағыттағы теміржол арқылы небәрі 3,8 млн тонна жүк тасымалдануы мүмкін. Бұл айтарлықтай көп табыс әкелмейді. Бәсекеге қабілетсіз, дейді мамандар.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу