Қазақстанда цифрлық валюта пайда болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда цифрлық валюта пайда болуы мүмкін

05.05.2021

Қазақстанда цифрлық валюта пайда болуы мүмкін. Ұлттық банк ақшаның жаңа үлгісі туралы баяндаманы қоғамдық талқылауға шығарды. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастауға арналмаған. Егер енгізілсе, заңды төлем құралына айналады. Тұрғындар валютаның бұл түрін жинауға, саудаласуға пайдалана алады. Қазір Ұлттық банк цифрлық теңгені тарату тәсілін, пайдалану жолын, ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа қалай әсер ететінін зерттеу үстінде.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу