Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін

05.10.2020
Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін

Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков мәлімдеді.

«Біз АҚШ, Ұлыбритания мен Канадада кеңінен тараған шерифтер моделін енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл тұрғыда АҚШ елшілігі Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын», - деді ол онлайн брифинг барысында.

Сондай-ақ елде «Полиция жаныңда» қағидатын енгізу көзделген. 

«Бұл барлық полиция көшеде жүреді дегенді білдірмейді. Мәні - полицейлердің қажет болған жағдайда оқиға орнында болуы», - деді Сайтбеков.

Оның айтуынша, шартты түрде мынадай үш санатты орынды бөліп қарастыруға болады:

қауіпсіз орындар, мұнда полицияның болуы қажет емес және тек ерекше жағдайда ғана шақыртылады;

– ішінара қауіпсіз, белгілі бір уақытта полиция қажет болатын кез. Адамдардың кептелісі, мысалы, зауыттағы жұмыс ауысымнының аяқталуы немесе әуе рейсінің көптеп келуі кезеңімен байланысты;

– полицияның тұрақты болуын қажет ететін қауіпті орындар.

шериф Ішкі істер министрлігі полиция

Хабарламаларға жазылу