Субсидияларды жымқыру оқиғалары басым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Субсидияларды жымқыру оқиғалары басым

04.06.2021

Ауылшаруашылығы саласы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияларды жымқыруға қатысты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі 5-ші республикалық форумда айтылды. Агроөнеркәсіптік салада жемқорлық фактілерді жою мақсатында субсидиялар мен дотациялар беруде тәуекелді аймақтарға талдау жүргізу жайы да айтылды. Бес жыл ішінде субсидиялауға бір триллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Агенттік пен Атамекен Ұлттық палатасының іс қимылы арқасында 40 млрд. теңгеге жуық бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Марат Ахметжанов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы: 
Мемлекеттің басты міндеті бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау. Бірақ бүгін сыбайлас пен жемқорлық бұл талаптарға үлкен кедергі келтіріп отыр. Бұл індетпен күрес бір ғана біздің орган ғана емес, тұтас қоғамның ортақ жұмысы.


Хабарламаларға жазылу