Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен СҚО-ға барды

17.09.2019

Атбасардан соң Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірден Аққайың ауданындағы егін алқаптарын аралап, өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жұмыстарымен танысты. Президент жыл сайын 4 млн тоннадан астам астық жинайтын аймақтың бұл саладағы маңызы зор екенін атап өтті. Диқандармен кездесу облыс орталығында ірі жиынмен жалғасты. 

Ауыл-аймақты және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған республикалық жиынға Мемлекет басшысымен қоса Үкімет мүшелері, жергілікті билік өкілдері мен шаруалар қатысып жатыр. Президент өз сөзінде ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Субсидияларды бөлу де доғарылмайды. Тек олардың шынымен көмекке мұқтаж кәсіпорындарға берілуін қадағалауды тапсырды. Бұл жиында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің агроөнекәсібін дамытуға бағытталған нақты шараларды белгілеп, тапсырма береді деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу