Темір жол билеттерін алыпсатарларға енді 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темір жол билеттерін алыпсатарларға енді 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады

16.01.2020

Темір жол билеттерін алыпсатарларға енді 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынбақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері айтты.

Мамандар бұл өзгерту билеттерді заңсыз сатумен айналысатын делдалдармен күресті күшейту үшін енгізіліп отырғандығын айтады. Сондай-ақ алдағы уақытта жолаушылар тасымалдаушыларын субсидиялау жүйесі де өзгертілмек. Яғни вагондарды сатып алу, күтіп ұстауға кететін барлық шығындардың есебін жасайтын жеке оператор құрылмақ. Ол субсидияларды бөлу мәселесін оңтайландырады. Сондай-ақ жүктердің жасырын транзитінің алдын алу үшін де шара қолданылмақ. Өйткені қазір жасырын транзит сызбасы жүкті Қазақстан аумағына «импорттық режимде» әкеліп, одан ары үшінші елге «экспорттық режимде» қайта жіберу арқылы жүзеге асып отыр.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу