Семейлік құтқарушылар қар құрсауында қалған 34 адамға көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік құтқарушылар қар құрсауында қалған 34 адамға көмек көрсетті

20.02.2017
Семей өңірінде 2 тәуліктен бері соққан қарлы боран тыйылмай тұр. Салдарынан бүгін екінші ауысымда мектептер мен колледждердегі сабақтар кейінге шегерілді. Ауа райы қолайсыздығынан жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Жергілікті полиция қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен күндері қалада осындай 12 оқиға тіркелді.

Ал, таңертеңнен бері жолдарда 5 жол апаты тіркелген. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жолдарда қар құрсауында қалғандарға тиісті көмек көрсетуде. Мәселен, өткен тәулікте бір ғана Семей-Қарауыл бағытында 50-ге жуық автокөлік жолда қалған. Олардың басым көпшілігін құтқарушылар қар құрсауынан алып шыққан.

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу