Талдықорғанда 23 қызметкер жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда 23 қызметкер жауапқа тартылды

27.10.2023

Талдықорғанда мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 9 азамат сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың басым бөлігі – мектеп есепшілері және білім бөлімінің қызметкерлері. Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс орталығындағы білім бөлімінің бухгалтерлеріне бюджет қаражатын жүйелі түрде және аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда. Күдіктілер үш жыл қатарынан білім беру саласында мүлдем жұмыс істемейтін тұлғаларға жалақы аударып, және мұғалімдердің айлығын көтеру арқылы 4,6 млрд теңгені қолды қылған.

Қуаныш Қанатұлы


Талдықорған

Хабарламаларға жазылу