Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақталды
Қырғызстанда Тәжікстанмен шекаралас ауданға бара жатқан әскери тікұшақ апатты жағдайда қонды. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Әуе техникасы қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тағы шиелініскен соң, Шоң-Алай ауданына бара жатқан. Кеше түнгі сағат үште осы ауданға қарасты Үнжу-Бұлақ елді мекенінде тәжік тарапы контейнерлер орнатқан. Қырғыз қауіпсіздік күштері бұл әрекетті заңсыз деп, дау қайта өршіді. Осыдан кейін Тәжікстан аймаққа әскери техникасын жұмылдыра бастады. Өңірге арнайы барған Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев қазір жағдай тұрақталды деп отыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02