Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойындары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойындары жалғасуда

28.05.2021

Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойындары жалғасуда.

Мәселен, Әуезов ауданындағы екпе орындарында алдағы демалыс күндері жеңімпаздар анықталады. Сондай-ақ, ұтыс ойынына қатысушы ретінде тіркелгендердің барлығына сыйлықтар таратылмақ. Бұл шара халықты жаппай вакцинациялауға ынталандырып, өзін вирустан қорғағандардың қатарын арттыруға бағытталған, дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, бүгінде ірі мегаполисте екпе алғандар саны 300 мыңға жуықтады. Қазір қала бойынша 208 пункт жұмыс істеп тұр. 

Загира Ахметжанова, қалалық №15 емхананың қызметкері: 
Халықты ынталандыру мақсатында, екпе алу мақсатында, әр халықтың денсаулығы өз қолында деп ойлаймын, маман ретінде. Сондықтан, әр екпе орындарына келіп, вакциналарыңызды қабылдап, ұтыс ойынына қатысып, өз жүлделеріңізді алып кетсеңіздер болады.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу