Алматыда бір тәулікте 2715 адам вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте 2715 адам вакцина салдырды

14.06.2021

Алматыда соңғы тәулікте 2700-ден астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.  Ал жалпы 1 ақпаннан бері екпе алғандар саны 340 мыңнан асты. Олардың 35 мыңға жуығы 60 жастан асқандар, дейді денсаулық сақтау басқармасы. Қазір қаладағы 211 вакциналау пунктінен бөлек, 40 көшпелі бригада жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, мегаполистегі ірі сауда орындарының бірінде вакцина алғандар арасында өтіп жатқан ұтыс ойынының қорытындысы жарияланып, жеңімпазға 100 мың теңге сыйлық табысталды. Сондықтан, дәрігерлер мен қоғам белсенділері көпшілікті әлі де вакциналауға шақыруда.

Марат Шибұтов, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі: 
Қазір қалада вакцинаның 4 түрі қолжетімді. Бұл өзге мемлекеттермен салыстырғанда өте үлкен мүмкіндік. Мәселен, кей елдерде вакцина алу үшін жарты жыл кезекте тұрады. Тіпті, шекара асып, екпе салдырып жатқандар бар. Ал бізде бұл мүмкіндікті көпшілік пайдаланбай жатыр. Сондықтан, халықты вакцинаға жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу