Университет студенттерінің 90 пайызға жуығы екпе алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Университет студенттерінің 90 пайызға жуығы екпе алған

15.09.2021

Сыр өңірінде 277 мың адам екпе алды. Ұжымдық иммунитет қалыптастыруда білім беру ұйымдарының қызметкерлері белсенді.

Мәселен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушылардың 98 пайызы вакцина салдырған. Екпе алмаған 2 пайызы - жүкті әйелдер мен медициналық есепте тұрғандар. Жаңа оқу маусымы дәстүрлі форматта басталды. Мұнда 8 мыңнан астам жас оқып жатыр. Әрі студенттердің көбі індетке қарсы ерікті түрде вакцина алған.

Жандос Базартай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры:
Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін бірнеше ай бойы арнайы ұйымдастыру шараларын жасадық. Соның ішінде, білім алушыларды және қызметкерлерді вакцина салуға ынталандыру мақсатында арнайы ұтыс ойындары жасалынды. Студенттердің 90 пайызға жуығы вакцинациялаудан өтті.


Хабарламаларға жазылу