Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылып жатыр

26.05.2021

Алматыда екпе алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылуда. Мұндай шара қаладағы базарлар мен ірі сауда орталықтарындағы вакциналау пункттерінде өтіп жатыр. Ол үшін тұрғындар екпе алған күні ойын купонын алып, қатысушы ретінде тіркеледі. Ал жеңімпаз 31 мамыр күні сауда үйінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирде анықталмақ. Басты сыйлық - соңғы үлгідегі ұялы телефон. Сондай-ақ, тұрғындар өзге де бағалы сыйлықтарға ие болады.

Айнұр Бекжанова, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары:
Жеке кәсіпкерлер осы науқанды қолдау білдіріп, халыққа ыңғайлы жағдай туғызу мақсатында өздері бөлмелер беріп, осындай вакцинация пункттерін ашты. Вакцинацияның мән-мағынасын дұрыс түсіну үшін сы қоғамдағы халықтың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу