Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі 20%-ға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі 20%-ға азайған

25.05.2021

Елімізде маусым-қыркүйек айларында 95 мың адамға дейін коронавируспен ауруы мүмкін. Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидахуалды баяндап, індетке қатысты болжамдарын айтты. 

Досжан Маратұлы, тілші:
Денсаулық сақтау министрі үш түрлі болжам жасап отыр. Оның қайсысы орындалатыны азаматтардың екпе салдыруына байланысты дейді. Егер вакцинаның тиімділігі 60% болса, маусым-қыркүйек айларында 95 мың адамға дейін вирусқа шалдығуы мүмкін. Ал тиімділік 80% болса, 69 мың, 95% болса, 61 мың адамға дейін коронавируспен ауруы мүмкін. Сол үшін министр екпе егу жұмыстарын қазіргіден де арттыру керек дейді. Ал қазір эпидахуал тұрақты. Вирус жұқтырғандар осы айда 20 пайызға азайған. Сондай-ақ министр мутацияланған коронавирус жайлы айтты. 

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Біз жаңа мутацияларды анықтау мақсатында республика аумағында таралып жатқан коронавирустың штамдарына генетикалық зерттеулерді тұрақты жүргізіп отырамыз. Мәселен, осы жылдың сәуір айында анықталған үлгілерді зерттеу кезінде «британдық» штам анықталды. Ал республика аумағында «үнді» штамының айналымда болуы анықталған жоқ.

Досжан Маратұлы, тілші:
Ал екпе алғандар саны екі миллионнан асты. Министр вакцина жеткілікті. Жақында тағы қосымша доза жеткізіледі деді. Премьер-Министр болса, екпе егуге қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жандандырып, ашық қосымшасын вакцина паспортымен жедел интеграциялауды тапсырды. 

Хабарламаларға жазылу