Жамбыл облысында 100 мыңнан астам тұрғын екпе алды
Жамбыл облысында ковидке қарсы екпені жүз мыңнан астам тұрғын алды. Олардың 13 мыңдайы медицина қызметкерлері болса 18 мыңнан астамы білім саласынан. Екпе салдырғандардың 35 мыңы екпенің екінші дозасын алып үлгерді. Аймақтың бас эпидемилог дәрігері вакцина алған азаматтардың денсаулығы қалыпты дейді. Бәрі дәрігерлердің бақылауында. Жалпы, облыс тұрғындарының 52 пайызына вакцина салу жоспарланған.
Гүлфайра Мырзабекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы:
Вакцинаның бәрі жеткілікті. Бұл жұмыс қазіргі күнде 20 емханадағы вакцинация кабинеттерінде жасалуда. Және жылжымалы екпе бригадалары мен мыңнан аса арнайы оқытылған медицина қызметкерлерімен атқарылып жатыр.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24