Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

19.05.2021

Тәжікстанға сапарға дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады. Өмірзақ Шөкеев президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Түркістан облысында 1 миллион адамға екпе салынуы тиіс болса, соның 200 мыңы вакцина қабылдады. Аймақтағы жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек-орындар мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Қазір облыс «жасыл аймақта», соған сәйкес кейбір шектеулер алынып жатыр.

Сондай-ақ биыл Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толады. Осы уақтта өңірдің жалпы ішкі өнімі 41 пайызға өсіп, инвестиция 2,4 есе артты. Құрылыс саласында да ірі жобалар іске асып, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес бойынша оң көрсеткіштер бар. Мемлекет басшысы Түркістан облысын дамытудың 2018-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын Үкіметпен бірлесіп қайта жаңартуды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу