Түркияда қатаң локдаун жеңілдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қатаң локдаун жеңілдеді

17.05.2021

Бүгіннен бастап Түркияда 18 күнге созылған коменданттық сағат шарттары жеңілдеді. Барлық сауда орталықтары мен дүкендер, шаштараздар бен сұлулық салондары ашылды. Ал қоғамдық тамақтану орындары ашылғанымен, тек қана тапсырыспен алып кету үшін ғана жұмыс істейді. Бұдан былай апта ішінде тек кешкі 21.00 мен таңғы 5.00 аралығында және сенбі-жексенбі күндері ғана көшеге шығуға болмайды. Дегенмен мектептер мен мемлекеттік мекемелердің жұмысы онлайн форматта қалды.

Сондай-ақ қалааралық көлік қатынасына да шектеу әзірге алынған жоқ. Бұдан бөлек 65 жастан асқан және 18 жасқа дейінгі тұрғындардың тек вакцина алғандарына ғана көшеге емін-еркін шығуына рұқсат берілді. Бұл шектеулер бірінші маусымға дейін жалғасады. Денсаулық сақтау министрлігі одан кейінгі эпидахуалға қарай карантин талаптары тағы да өзгеретінін айтты.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу